Тауарды енгізу кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану

Разместил: zhasulan1 Размещено: 16 апреля 2019 12:19 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 11

 

Тауарды енгізу кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану

 

         Бүгінгі таңда мемлекеттің кедендік саясатын іске асырудағы құралдың бірі болып кедендік бақылау болып табылады. Кеден органдарының тәжірибесінде кедендік бақылау тәсілдері, түрлері, нысандары өз ара тығыз қарым-қатынаста. Кедендік бақылаудың құрылып өркендеуінің құқықтық жүйе шебі оның дамуына тікелей әсер етті.

Кедендік бақылауды іске асырудағы негізгі қағида кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін мемлекеттер арасында халықаралық-құқықтық салтты қалыптастыру болып табылады, сонымен қатар тауар және көлік құралдарының контрабандасымен күресте маңызы мол. 

         Қазақстан Республикасының кеден органдарының материалды- техникалық базасының және кеден жанындағы инфоқұрылымның қалыптасу мақсаты кеден органдарының қызметін дамыту болып табылады. Даму мақсаты кеден органдарының материалдық-техникалық қорын күшейту.

         Кедендік бақылауды іске асыру мақсаты бір қатар тексерулердің көмегімен өткізілген кедендік рәсімдердің сәйкестігін кедендік заңнама талаптарына сай болуын, кеден ісіне қатысушы заңды және жеке тұлғалардың кедендік рәсімдерінінің бекітілген кедендік тәртіп талаптарына сай болуын қадағалау. Кеден органының мағынасы мен сипаттамасы кеден ісіндегі негізгі орны бар кедендік бақылаумен анықталады.

Ол: а) кедендік бақылауды тереңдете өткізу үшін мамандарды, сарапшыларды тарту;

б) тауарлар, көлік құралдарын және бөлмелерді сәкестендіру;

в) кеден шекарасы арқылы тауар тасымалдауымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың экономикалық қызметін тексеру;

г) аталмыш тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметін тексеру;

д) ішінара бақылау өткізу. Қажет жағдайда, заңнамамен бекітілген кедендік бақылау өткізген кезде бақылаудың басқа да тәсілдері қолданылады.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн